Сұрақ:
Салеметсіз бе, Еламан Қанатұлы!
Мен Шериев Біржан ПҚБАИ АҚ КДИ жұмыс жасаймын. 2021 жылы тыңдаушыларымен ашық сабақ өттім. Өйткені сол өтілген сабақ бағалана отырып келесі жылға сағат үстеме бөлінеді деп түсіндірілді. Алайда 2022 жылы сабақ бөлінгенде мені 0,5 жүкткмкмен қалдырды. Себебін сұрағанымда өткен «»ашық сабағым» жоғарғы деңгейде емес деген жауап берді. Мен өз сабағымның қалай, қандай «балл» алғанымды, қандай критерий бойынша бағаланғанын хабарсызбын. Бағалау нәтижесі басшыларда ғана яғни «Сіз» рұхсат еткенде ғана ұсынамыз деп отыр. Егер мен өз сабағымның қаншалықты бағаланғанын білмесе мнемесе соншалықты құпия болатындай болатынын еш түсіне алмай отырмын. Бағалау нәтижесін Сіз емес институт басшылары жасырып отырғанына күмәнім жоқ. 2021 жылғы бағалау нәтижесіне көруге,білуге, қол жеткізуге ықпал етуіңізді сұранамын.
Шериев Биржан Уалиханович, Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Өрлеу оқытушысы
Сәлеметсіз бе, Біржан Уәлиханқұлы! Төрағаның блогына жазғаныңыз үшін рақмет.
«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» білім беру бағдарламасы бойынша 2021 жылы сіздің тарапыңыздан «Талантты және дарынды оқушыларды қолдауда оқытуды саралау. Шығарманың сюжеті, тақырыбы мен идеясын анықтауда оқылым стратегияларын қолдану» тақырыбында тыңдаушылармен ашық сабақ өткізілген.
Ашық сабақ барысын сарапшылар тарапынан белгіленген бағалау критерийлерін ескере отырып жүргізіліп, деңгейлері бойынша қорытынды жасалған.
Сабақтың қорытындысы бойынша келесі ескертулер берілген:
- Ұсынылған сабақ жазбасында сабақ мақсаты таныстырылған фрагмент көрсетілмеген;
- Оқыту барысында белсенді әдістер қолданылмаған, сабақ тақырыбын зерделеуде сұрақ-жауап тәсілі қолданылған;
- Тренер тарапынан сабақ мазмұны бойынша дұрыс білім көрсетілмеген. Сабақта тыңдаушыларға түсінікті емес материалдар қолданылған. Тренердің баяндауы жүйесіз, тыңдаушыларға түсініксіздеу. Сабақты және сабақ мазұндағы материалды таныстыру барысында қарапайым Word бағдарламасынан ақпарараттар, көрнекі ОӘК-дегі PowerPoint қолданылған;
- Ұсынылған жұмыстарда толық сабақтың құрылымы бар жазба ұсынылмаған, тек үзік фрагменттер берілген;
- Тыңдаушыларға тапсырма беру нұсқауы әлсіз. Тапсырмаларды тарату барысында кейбір тыңдаушылар толық түсінік алмады. Тренер жаңа тақырыпты түсіндіруде тыңдаушылардың сөйлеуі үшін сұрақтар қойғанымен, түсініксіз коментарий береді. Беріліп жатқан нұсқаулар сабақ мазмұнына сай келмейтіні;
- Сабақ барысында тренер мен қатысушылар арасында байланыс аса сезілмейді. Жаттықтырушының сөзі мазмұн бойынша түсініксіз. Сабақ мазмұны бойынша тренер білімді дұрыс көрсетпейді, тәжірибемен байланыстыруы әлсіз. Тыңдаушылардың өмірлік тәжірибесі мен кәсіби дағдыларына сүйену тәжірибесі әлсіз;
- Тыңдаушылардың жауаптарына өзара бағалау жүргізу іс-әрекетін ұйымдастыруы төмен.
Қорытында бойынша сабақ барысы 1,1 баллмен және «төмен деңгейі» бойынша бағаланған.
Сарапшылардың қорытындысы бойынша келесі ұсынымдар берілген:
- Дамытуға араналған мазмұнды тапсырмалар құру;
- Сабақ тақырыбының мазмұны бойынша білімін жетілдіру;
- Әріптестерінің сабағына қатысып, сабақ беру тәжірибесін дамыту. 4. Сабақ барысында тыңдаушыларға түсінікті, қолжетімді ақпараттар, белсенді әдістер қолдану.
- Кері байланыс және қалыптастырушы бағалауда өзін-өзі бағалау, өзара бағалау әдістерін тиімді қолдануды жетілдіру;
- Курс материалдарының электрондық базасына сілтеме беріп отыру;
- Сабақ мазмұны бойынша нақты нұсқаулар беру, тыңдаушыларға қолжетімді практикалық дағдыларды қалыптастыруға және дамытуға арналған мазмұнды тапсырмалар құру.