Eng Қаз | Рус | Login

Закрыть

Статьи и публикации председателя

"Айқын" Республикалық қоғамдық-саяси газет №182 (2814) 1 қазан 2015

Білім беру сапасын жақсартудағы қадамдар

«100 нақты қадам» - бұл Мәңгілік елге жетелейтін жасампаздық жол. Қазақстанның жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті басымдықтарын құру және жүзеге асыруда бес институционалдық реформа мемлекетімізге өмірлік қажеттілік. Қадамның әр қайсысы жаңғыртылған қазақстандық қоғамның негізіне, оның зияткерлік құрамдас бөлігіне білім мен озық технологиялар тірек болатынын болжайды.

Өзектілігі мен жасампаздығының нәтижесінде Ұлттық жоспарды еліміздің педагогикалық қауымдастығы кеңінен қолдады.

      Қазіргі жағдайда педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесінің (БАЖ) рөлі айрықша жанданып келеді. Осыған байланысты, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» педагогтардың кәсіби өсуіне жағдай жасауда біліктілікті арттыру курстарының мазмұнын жаңарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. 

Біліктілікті арттырудың аймақтық институттары - «Өрлеу» БАҰО» АҚ білім беру қызметін ұсыну нарығында өз орнын сенімді ұстап тұр және сол аймақтардағы педагогтар үшін сұранысқа сай. Мұғалімдерді оқытудағы ғаламдық өзгерістерге даярлау әдістері, біліктілікті арттырудың көпвекторлы идеясы БАИ оқыту әдістемесінің негізін құраушы болып табылады.

      Біліктілікті арттырудың мазмұны келесі бағыттар бойынша жаңартылған: мектепке дейінгі білім беруде – балаларды ерте жастан оқыту әдістемелері, көптілділік; орта білімде – білім берудегі әлемдік инновацияларға синтез жасайтын «Назарбаев Зияткерлік мектептер» ДББҰ тәжірибелері; жоғары білімде – алдыңғы қатарлы отандық және шетел университеттерінің тәжірибесі арқылы еліміздің жоғарғы оқу орындарының педагог мамандығы оқытушыларының біліктілігін арттыру бойынша бағдарлама және т.б.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында «барлық әлем сияқты Қазақстан да жаңа білім беру әдістеріне көшуі керек», «отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдері мен құралдарын қарқынды енгізуі керек» деп атап көрсетті. Демек, біздің алдымызда Smart-технологияларды қолдану бойынша мұғалімдердің АКТ-құзыреттіліктерін қалыптастыру, педагогикалық әдістерді игеру негізінде балалардың ерте дамуы бойынша педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту, білім беру үдерісінің тиімділігін арттыруда жаңа тәсілдерді қолдану, колледждерде дуальдік оқыту жүйесінің іске қосылуы бойынша халықаралық тәжірибелерді зерделеу, модульдік оқыту жүйесі, оқушылардың жобалық және зерттеу дағдыларын дамыту, отансүйгіштік және көшбасшылық қасиеттерге тәрбиелеу міндеттері тұр.

Біліктілікті арттыру институтында оқытудан өткеннен кейін, мұғалімдердің кәсіби қызметінде қандай өзгерістер болғаны жөнінде ақпарат алу мақсатында курстық қайта даярлаудың тиімділігі мониторингісі институт жұмысының маңызды бағыты болып есептеледі.

Осы мақсатпен курстарды ұйымдастырудың сапасын, модулдік бағдарламалардың оқу мазмұнын, біліктілікті арттыру институттарының профессорлық-оқытушылық құрамының құзыреттілік деңгейін бағалауға, нақты тәжірибелік көмек көрсету үшін педагогтар қызметіндегі кәсіби қиындықтарды анықтауға мүмкіндік туғызатын көрсеткіштер зерттеліп дайындалды.

Неғұрлым тиімді деп саналған оқу бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендер жыл сайын «Өрлеу» бастамасымен өткізілетін жаңартылған үздік бағдарламалар мен үздік оқу-әдістемелік кешендер байқауларына ұсынылады.

Мұғалімнің кәсіби қызметінде болып жатқан өзгерістер жөнінде ақпаратты алу оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша TIMSS, PISA халықаралық зерттеулер ұйымдарымен үйлестіріле отырып, мектеп әкімшілігі, оқушылар, ата-аналар, жаңа форматтағы курстардан өткен мұғалімдердің өз арасында сауалнамалар арқылы жүзеге асырылады.

Мониторинг бағдарламасы мұғалім алдына оқушы тұлғасына төзімділікпен қарау сияқты айқын міндеттерді белгілейді, демек сынып ұжымымен, оқушылармен болып жатқан өзгерістер бағалануға тиіс.

Мониторингтік зерттеулер нәтижелері мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы аясында жүзеге асатын, Кембридж университетінің білім беру факультеті дайындаған идеялар мен стратегияларды трансляциялау үшін одан әрі қолданатын нақты тәжірибелерді, сонымен бірге шешімін талап ететін мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді.

Сертификатталған мұғалімдердің қызметін талдау білім беру үдерісі сапасының жақсаруында тұрақты динамиканы көрсетті:

  1. білім беру ұйымдарының басшылары сертификатталған мұғалімдер ұйымдастырған сабақтардағы өзгерістерді жоғары бағалады. Олар бұл сабақтарда дамыта оқыту, ұжымдық, жеке, жұптық, топтық формадағы жұмыстар, формативтік және суммативтік бағалау белсенді қолданылатынын, дәстүрлі сабақтардан түбегейлі айырмашылығы бар екенін ерекше атап өтті;
  2. оқушылар бойында оқуға деген ынтасы мен шығармашылық белсенділігі арта түсті, арнайы дайындалған тапсырмалар негізінде біршама күрделі ойлау формалары қалыптасады (талдау, синтез, бағалау); 
  3. бұл курстар сабақты жоспарлауда, сабақты өткізу формалары мен әдістерін таңдауда, жаңа педагогикалық технологияларды қолдануда тәжірибесі мен шеберліктері жетіспей жататын жас педагогтардың қабілеттерін ашуға көмегін тигізді, енжар педагогтардың белсенділігі артқаны байқала бастады;
  4. мұғалім мен оқушының субъект-субъективтік қарым-қатынасқа өтуі жүзеге асырылды.

Алайда, кейбір мұғалімдер білім беру үдерісінде туындайтын мәселелерді аңғармауы, оған қоса өз кәсіби қызметі бойынша рефлексияны да жүзеге асыра алмауы кездеседі. Осы мәселе бойынша, біз ұлттық орталықтың педагогикалық ұжымдары, тренерлері мен шетелдік жоғары оқу орындарынан шақырылған мамандарымен бірлесіп жұмыс істеп отырмыз.

Мұғалімнің өзіндік білім алу, біліміне білім қосу үдерісі жүзеге аспайынша, түрлі біліктілікті арттыру курстарының тиімділігі жоғары болмайды. Шығармашылық адамына, әсіресе жоғары жауапкершілігі бар мұғалімдік мамандық үшін өзіндік білім қажеттілік болып табылады. Бұнда «Біліктілікті арттыру – кәсіби даму – үздіксіз оқу және өзін-өзі таныту» жүйелілік қағидаты өте маңызды.

Үздіксіз білім алудың, өмір бойы оқып-үйренудің маңыздылығының артуын ескеріп, мұғалім жаңа білім беру технологияларын игеріп, біліктілігін арттыруға үнемі дайын болуы керек. Оқыту тәжірибесінің жақсаруы мұғалімнің кәсіби және тұлғалық дамуы арқылы мүмкін болады.

Мұғалім мектеп қызметін жетілдіру және оқытудың жаңа сапасына түбегейлі жетудегі басты тұлға болып табылады. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады», - деген қанатты сөздері қазіргі таңда да маңызын жойған жоқ. Сондықтан бүгінгі таңда оқушыларды шабыттандыратын, шығармашылығымен «шамшырақ» болатын мұғалім, ұжым көшбасшысы қажет. Тек тұлға ғана тұлғаны тәрбиелеп шығара алады.

Мектепте, колледждерде, жоғары оқу орындарында пәндерді зерделеу және тәрбие беру рухани-адамгершілік қасиеттері мен отаншылдық сезімге, азаматтық жауапкершілікке, ұлттың өзіндік сана-сезімі мен төзімділікке, зайырлылық құндылықтарын нығайту мен жастардың лаңкестік және экстремизм идеологиясын саналы түрде қабылдамауын қалыптастыруға, полиэтникалық Қазақстан жағдайындағы қарым-қатынасқа икемділікке бағытталу керек.

      Дәстүрлі оқыту әдістерімен қатар курс тыңдаушыларының танымдық қызметін белсендіретін интерактивтік әдістер мен формалар: пікірталастар, шығармашылық пікірсайыстар, проблемалық дәрістер, тренингтер, рөлдік ойындар, моделдер, жобалар тұсаукесері, семинар-коучингтер, кейс-технологиялар, дөңгелек үстелдер кең қолданыста.

      Филиалдар қызметінде біліктілікті арттыру курстарынан өткен мұғалімдерді курстан кейінгі қолдау жұмыстарына: әдістемелік көмек, шебер-сыныптарды, панорамалық сабақтарды, сонымен қатар педагогтың тұлғалық-кәсіби дамуына мүмкіндік туғызатын практикумдарды, форумдарды өткізуге аса назар аударылады.

       «Өрлеу» БАҰО» АҚ жүйесінде кәсіби тұрғыда өзін-өзі таныту, педагогтардың маңызды деп танылған тәжірибелерін анықтау және тарату мақсатында, халықаралық конференциялар, республикалық вебинарлар, кәсіби шеберлік байқаулары – «Үздік жыл әдіскері» және «Үздік жыл психологы», республикалық педагогикалық оқулар өткізіледі. Бұл ісшаралар жаңашыл–педагогтардың ерен деп танылған жаңа тобын біріктіруге мүмкіндік береді, тәжірибеге үздік педагогикалық идеяларды енгізуге ынталандырады. 

Жұмыс тәжірибесімен алмасу, кеңес беру, оқытудағы өзекті мәселелерді талқылауды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызатын педагогтардың желілік қауымдастықтары да мұғалімдердің кәсіби дамуына жағдай жасайды.

Үздік әлемдік тәжірибені есепке ала отырып, техникалық және кәсіби білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға аса көңіл бөлінеді. Дуальдік оқыту жүйесінің талаптарын ескере отырып, педагогтардың біліктілігін арттыру курстарында оқытудың белсенді құралдарын, формаларын қолдана отырып, оқу бағдарламаларының мазмұны мен олардың әдістемелік қамтылуы жаңартылуда.

ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және оның аймақтық филиалдарымен, білім басқармасының басшыларымен, Жұмыс берушілер ассоциациясымен, колледж директорларымен Ұлттық орталық қол қойған ынтымақтастық туралы меморандум нақты өндіріс саласының өндірістік базасында немесе кластерлік колледж базасында біліктілік арттыру курстарын өткізуге мүмкіндік береді. 

Біліктілікті арттыру бойынша халықаралық білім беру жобаларына қатысу, тәжірибе алысу «Өрлеу» БАҰО» институттарының профессорлы-оқытушылық құрамы академиялық жұмылғыштығы үшін сенімді негіз тудырады.

Өрлеу біліктілік арттыру ұлттық орталығында жоғарғы оқу орындарының педагогикалық мамандықтары оқытушыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы жұмыс істеуде. Осы оқытушылардың студенттері мектептердің болашақ мұғалімдері болуы себепті, ұзартылған мультипликативтік білім беру тиімділігі қамтамасыз етіледі. Бағдарлама біліктілікті арттырудың жаңа форматын жүзеге асырады: оқу үдерісі Ұлыбритания, Германия, Жапония, Испания елдерінің жетекші университеттеріндегі қашықтықтан оқыту, күндізгі тренингтер және шетелдік тағылымдамаларды құрамдастыруға негізделген.  Бағдарлама өзіне әлемдік тәжірибелер ішінен үздіктерін  қабылдады:

  • онлайн оқыту мен күндізгі тренингтерді құрамдастыруда көрсетілген, «blended learning» қағидаттары;
  • SMART-learning – «тестілей отырып - оқыту қағидаттары»;
  • Назарбаев университетімен ынтымақтастық;
  • халықаралық ұйымдар өкілдерінің (British Council, Thomson Reuters, Elsevier және т.б.) Public lectures топтамаларын өткізу. 

      Көрсетілген модулдер аясында ЖОО оқытушылары инновациялық педагогикалық технологияларды, білімді бағалаудың жаңа әдістемесін (формативтік және суммативтік бағалауды қолдана отырып), заманауи (ілгері) сандық технологияларды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту әдістемесін, case-study әдісін қолдану, тұжырымдамалық карталарды, өзіндікдаму және өзіндікжетілу технологияларын және т.б. оқып біледі.

Шетелдік серіктестерден алынған білім мен тәжірибе, оқыту курстарын құру арқылы оқыту үдерісіне енгізіледі. Бірақ кезкелген жаңа технологияларды енгізу әлеуметтік жағдайлар, ұлттық дәстүрлер ерекшеліктерін есепке ала отырып, бейімделу мен біртіндеп енгізу үдерістерімен арақатынаста болуы тиіс.

Осы жағдайларда тек студенттер мен үйренушілердің білім, іскерлік, дағдыларын (құзыреттіліктер) дамыту аса маңызды болуымен қатар, оқытушы құрамының өзіне де сабақ өткізу мен оқытудың сәйкес деңгейін қамтамасыз ету үшін, кәсіби және тұлғалық құзыреттіліктердің нақты жиынтығына ие болуы өте маңызды.

Заманауи кезеңде білім беру жүйесінде құзыреттілік амалдарын қолдану мәселелері өте өзектілігімен қатар, оқытушылардың кәсіби мүмкіндіктерінің мықты және әлсіз жақтарын анықтауға бағытталған. Өз кезегінде объективтік бағалау құзыреттілік моделдері негізінде оқытушының кәсіби дамуы мен уәждемелік жоспарлауында тиімді құрал ретінде бола алады.

Бағдарламаның маңызды аспектісі – бұл кері байланыс. Біліктілікті арттыру курстарының әрбір тыңдаушысы тек білімді алып, оны өзі арқылы «өткізіп» қана қоймай, онымен әріптестерін де таныстырып, оларды жетілдіріп, яғни өз университетінің академиялық ортасында тәжірибе тарату бойынша импульс беруі тиіс.

      Дәл осы мақсаттарға «Өрлеу» БАҰО» филиалдарымен құрылған кері байланыс механизмдері жауап береді: әр оқытушы тек портфолионы өңдеп қана қоймай, бұл жайында айтылып та жүр, белгілі бір уақыт өткеннен кейін, тәжірибені енгізу қалай өтіп жатқандығы туралы да есеп беруі тиіс: авторлық курсты дайындау, оқу жоспарының базалық немесе элективтік пәндерін жетілдіру, заманауи сандық технологияларды қолдану арқылы сабақтардың ұйымдастырылуын жетілдіру, тыңдаушылардың өзіндік жұмыстарын қорғауда вебинарларды ұйымдастыру арқылы және т.б. 

      Алдымызда тұрған белестер, мақсаттар жеткілікті... Өрлеу біліктілік арттыру ұжымының педагогтарының күш-жігері республикамыздың мұғалімдерінің құзыреттілігін көтеру арқылы жас өспірімдерінің білім сапасын арттыруға арналған жауапты жұмысына бағытталған!