Eng Қаз | Рус | Login

Закрыть

Статьи и публикации председателя

"Нұрлы Қазақстан" саяси-танымдық журнал №1 Қаңтар 2014

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Казақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа Жолдауында білім беру Казақстандағы адами капиталдың  сапалы өсуінің негізі болуы керектігін атап өтті. Елбасы педагогтар құрамының сапасын арттыру, базалық педагогикалық білім беру стандартын, мектеп және ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыру талаптарын нығайту қажеттілігіне ерекше тоқталып өтті.

Жаңа мақсаттар қазақстандық педагогтарды даярлау және қайта даярлау мен біліктілігін арттырудың жаңа нұсқаларын ендіруді талап етеді. Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін жүйелі өзгерістерді - инновацияларды отандық білім беру жүйесінде бүгінгі күнге дейін табысты қызмет атқарып келген дағдылы регламенттерге, желілерге, қатынастарға ендіру қажет.

Кез-келген әлеуметтік, педагогикалық инновацияны дайындау мен ендіру кем дегенде, басты екі сұраққа жауап беруі тиіс: жаңалық қандай мақсатпен ендіріледі және ол қандай механизмдер арқылы ендірілетін болады?

Сонымен, бірінші сүраққа жауап берелік. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 -2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Қазақстанның білім беру жүйесін дамытудың басым бағыты педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесін жаңғырту болып табылады.

Педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесі - бұл мұғалімді мектепте, сыныпта жұмыс жасауға дайындаудың күрделі механизмі. Қазақстан Кеңестік дәуірдегі мұғалімдердің біліктілігін арттырудың тармақтанған жүйесіне мирасқор болып қалды. Республиканың егемендігін алу мен экономикалык дағдарыс кезеңі Алматы қаласы мен аймақтардағы мұғалімдердің біліктілігін арттыру институттарын сақтап қалуға бағытталды. 2013 жылға дейін облыстық БАИ аймақтарда педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыруды мемлекеттік тапсырыстарға сәйкес дербес жүзеге асырды және облыстық, Алматы, Астана қ.қ. білім беру басқармаларының кұрамына енді. Соңғы 10-15 жылда, іс жүзінде, біліктілікті арттыру жүйесіне заманауи талаптарға сәйкес маңызды өзгерістер енгізілген жок деп айтуға болады.

Сонымен қатар, қазір әлем өзгерді. Президенттің Жолдауында көрсетілгендей «Әлем қарқынды түрде өзгеруде және болып жатқан өзгерістердің жылдамдығы таң қалдырады», қазіргі болмыс ақпараттың көптігімен, мәселелерді анықтау мен шешудін бірмәнді еместігімен, міндеттерді шешудің креативтілігімен сипатталады. Интернет объективті түрде білім көзі ретінде, педагогқа білім беруде бәсекелеске айналды. Бұл жағдайда, оқыту, оқушыны осы күрделі әлемге ендіру процесі ретінде табысты болуы үшін, окушының тұлға ретінде өзіндік жүзеге асуын, оның мектеп қабырғасынан тыс белсенді өмірлік ұстанымдарын дайындауды қамтамасыз ететін сипатқа ие болуы тиіс. Білім беру үдерісінін жаңа мақсаттары мен міндеттерін негізгі жүзеге асырушы жаңа формация мұғалімі болуы керек.

Осылайша, Қазақстан үшін бүгінгі күні педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесін жаңғырту курстардың жаңа бағдарламаларын ендіру, оқыту үдерісін ұйымдастырудың жаңа бағыттары мен бағдарларына ерекше назар аудара отырып, мұғалімдерді оқушылармен жұмыс жасауға дайындау мазмұнын жаңарту түрінде іске асып отыр. Мұғалімдердің біліктілігін арттырудың отандық мазмұнын жаңарту 2015 жылы 12 жылдык оқыту моделіне көшу, ағылшын тілін ерте жастан оқыту мен көптілді оқыту бағдарламаларын меңгеру, оқушылардын функционалдық сауаттылығын; қамтамасыз ету секілді маңыздь:; міндеттерді ескеруі тиіс. Республикада жүйелі түрде электронды оқыту бағдарламасы ендірілуде, сондай-ак инклюзивті білім беру мәселесі де өзекті болып отыр. Осы және баска да ауқымды білім беру жобалар біліктілікті арттыру жүйесі арқыль  инновацияларды түсінуге, оларды қабылдауға және ары қарай ендіруге қабілетті мұғалімдерді дайындауды талап етуде.

Педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесін жаңғырту қандайз механизмдер арқылы қамтамасызі етіледі деген сұрақты екі жакты қарастырамыз: институттандыру және мазмұн.

Республика педагогтарыныні біліктілігін арттыру жүйесін жаңғыртудың құралы болып  «Өрлеу» Біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы акционерлік қоғамы, оның филиалдары - республикалық және 16 аймақтық педагогикалық кадрлардың  біліктілігін арттыру институттары фапынан Қазақстандағы педагтардың біліктілігін арттырудың ғана мазмұнын институттандыру қарастырылады.

Еліміздің біліктілікті арттыру күйесінде педагогтардың біліктілігін арттыру курстарының бағдарламаларын жаңарту, базалық мазмұнды кұру, аймақтарда вариативті мазмұнды ары қарай дамытуды қолдау бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институттарының аймақтық стратегияларын басқаруды орынды орталықтандыруды болжамдайтын корпоративті басқарудың бірегейлік тәжірибесі қалыптасуда.

Педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесін жаңғырту барлық жүйенің қүрылымдық бірлігі мен ашықтығын, «Өрлеу» БА¥0 АҚ ішінде кең көлемде тәжірибе алмасуды, мұғалімдердің сұраныстарына, инновациялық технологияларды ендіруге сәйкес білік- тілікті арттырудың оқыту бағдарламаларын тұрақты жаңартуды қамтамасыз етуге міндетті. Біліктілікті арттыру жүйесі республика мектептерінің кадрлық әлеуетінің сапасын жетілдірудің маңызды құралы болуы тиіс.

Жалпы алғанда, біліктілікті арттырудың жаңа жүйесін ендіру бірқатар басымдықтарға ие, атап айтсақ, ұсынылатын білім беру қызметтері туралы ақпараттың ашықтығы мен толықтығын қамтамасыз ету, педагогтардың біліктілікті арттыруға деген тең қолжетімділік мүмкіндігі, біліктілікті арттыру жүйесін инвестициялаудың өсуі; педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыруға деген уәждемесін ынталандыру, халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейту және т.б. Ұлттық орталықтың күрылуымен байланысты облыстық филиалдардың(бұрынғы БАИ) бюджеті бірнеше есе өсті, бұл материалдық базаны жаңарту процесін бастауға, қызметкерлердің еңбек ақысын елеулі түрде көтеруге, үздік отандық және шетелдік ғалымдарды тартып, сапалы курстарды өткізуге мүмкіндік берді. Жаңа кафедралдық жүйе, біліктілікті арттыру институттары қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру институттың ғылыми-әдістемелік әлеуетін күшейтуге мүмкіндік берді, ол 15 пайыздан 25 пайызға өсті.

Республиканың біліктілікті арттыру жүйесі тарихында алғаш рет, оқу үдерісіне отандық тренерлермен қатар 50-ден астам шетелдік ғалымдар тартылды.Бұрындары облыстық институттар өз қызметінде негізінен тек үш бағытты қамтитын, бүл олардың ары қарай дамуына кедергі фактор болатын. Қазіргі таңда «Өрлеу» БА¥0 АҚ жұмысты қызметтің негізгі 6 бағыты бойынша жүргізеді: мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім, білім берудегі менеджмент, электронды оқыту.

Бірінші рет аймақтық педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институттары үшін мұғалімдерге, мектеп дирек- торларына, мамандарға және өзге де педагогтарға арналған дәстүрлі 2 апталық курстар жүйесіне 3- айлық «Қазақстан Республикасы педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы» ендірілді.

Бұл курстардың бағдарламалары педагогика, психология және басқару теориясының заманауи негіздерінде құрылған, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша ЮНЕСКО-мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы ұсыныстарының негізгі принциптерімен келісілген және білім беру мақсаттары мен міндеттерінің өзгерістерін ескере отырып, қазақстандық мұғалімді дамытуға бағытталған.

Деңгейлік курстар Бағдарламасының 3 - айлық курстарынан 5 жыл ішінде (2012-2016 жылдар) 120 мыңға жуық педагогикалық қызметкерлерді өткізу болжамдалып отыр, бұл Казакстан мектептеріндегі мұғалімдердің жалпы санының 42%-ын құрайды.

Бағдарлама бойынша курстарды табысты аяқтаған және тиісті деңгейдегі сертификатты алған педагогикалық қызметкерлердің еңбек ақысына үстемақылар қосылады: 3-ші деңгейге -30%, 2-ші деңгейге - 70%, 1-ші деңгейге-100%.

Бүгінгі күні мемлекет мұғалімнің еңбек ақысын көтеруді оның біліктілігін арттыруының мазмүны мен сапасымен байла- ныстырып, өнеге боларлық қадамға барып отыр. Мемлекетпен салынған едәуір қаржының ақталатынына сенімдімін, өйткені олар мұғалімнің білімін көтеруге, оның кәсіби шеберлігін жетілдіруге бағытталған.

Бүгінгі таңда 3-ші базалық деңгей курстарының Бағдарламасы бойынша «Өрлеу» БА¥О АҚ республикалық және 14 облыстық және Астана, Алматы қ.қ. педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институттары арқылы 10 мыңнан астам мұғалім біліктілігін арттырды.

Біліктілікті арттыру институттары қызметінің басым бағыты - тұлғаны тәрбиелеу.

Ахмет Байтұрсынов:           «Мұғалім-мектептің жүрегі» - деген. Өйткені, мұғалім күн сайын балалар мен жастардың ой-санасына әсер етеді, олардың көзқарастары мен дүниетанымдарын, өмірге, мемлекетке, қоғамға деген қатынастарын қалыптастырады. Өмірде өз орнын табуға қабілетті, өз елін шынайы сүйетін, оның болашағы үшін күресетін заманауи саналы өскелең үрпақты тек жоғары адамгершілік қасиеттерге ие, өз ісінің нағыз маманы болып табылатын мұғалім ғана тәрбиелей алады. Бұл - өмірмен дәлелденген аксиома. Сондықтан тәрбиенің мемлекеттің әлеуметтік- экономикалық ілгерілеуінің объективті заңдылығы ретінде басымдығын және мүндағы Мұғалімнің жоғарғы миссиясын мойындай отырып, біз алдымызға мұғалімді тәрбие процесін ұйымдастырудың заманауи технологияларына үйрету міндетін қоямыз.

«Өрлеу» Біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы акционерлік қоғамымен жүзеге асырылып жатқан педагогикалык қызметкерлердің біліктілігін арттырудың жаңа инновациялық форматы кезең бойынша Қазақстан педагогтарының білім алуға деген сұраныстарын қанағаттандыруға және өздерінін кәсіби деңгейін тұрақты көтеруін тиімді ынталандыруға бағытталған бейімделгіш, үздіксіз біліктілікті  арттыру жүйесін кұруды қамтамасыз ететініне сенімдіміз. Бұл, өз кезегінде, Қазақстан Республикасында білім беруді  дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін табысты шешуді  қамтамасыз етеді   .