Eng Қаз | Рус | Login

Закрыть

Статьи и публикации председателя

"Айқындама" №19(2413) 5 ақпан 2014

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған әр жылғы Жолдауы - Тәуелсіз еліміздің тарихындағы айтулы кезең болып табылады.

Елбасымыздың «Қазақстандық жол - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы Жолдауында осыған дейінгі Жолдауда айқындалған 2050-жылға дейінгі стратегиялық бағыттарды жүзеге асырудың нақты тетіктері көрсетілген, егемен еліміздің әлемнің дамыған 30 елі қатарына енуінің негізгі 15 бағыты бойынша тапсырмалар жүктелген.

«Өрлеу» Біліктілікті арттырудың Ұлттық Орталығы» АҚ-ның ұжымы Жолдауды отаншылдық рухқа, оптимизмге толы, қоғамның әрбір мүшесін тиімді еңбек етуге шақырған терең рухани толғаныс ретінде қабылдады. Елбасымыздың қоғамдық дамудың қалыптасқан, жауапты кезеңінде өз халқына арнаған ой бөлісуі, тілегі деп түсіндік.

Бұл стратегиялық бағдарлама тек қана Қазақстанның дамуын жан-жақты қарастырған құжат емес, оның Әлемдік дамумен астасып жататын, тарихи орнын анықтайтын бағыт болып саналады. Бағдарламада ұрпақтар байланысы мен үйлестігі, жаңа ұлттық сана, мемлекеттік идеологияның қалыптасуы, жастарды жаңа рухта, жаңа көзқараста, жаңа бағытта тәрбиелеу қазіргі таңда өзекгі мәселелердің бірі болатындығы атап өтілген. Біз соңғы кездері «Үрпақты тәрбиелеу жағы нашарлап кетті, жастар қайда бара жатыр? Қазақстандық патриотизм қайда?» - дегенді көп айтамыз. Елбасымыз айтқан Мәңгілік Ел идеясы осы түйткілдердің шешілуіне жол ашатыны анық.

Мәңгілік Ел - болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін шамшырақ!

Елбасымыз жолдауда атап өткендей «XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар». Халқымызда «Білекті бірді жығады, білімді мынды жығады» - деген қанатты сөз бар. Қазіргі заманда барлық дамыған елдер білімге, ғылымға барынша көңіп бөлуде. Сондықтан еліміздің де білім беру жүйесінің сапасын Әлемдік деңгейге көтеру міндеті замана талабынан туындап отыр.

2020 жылға қарай Қазақстандағы 3 пен 6 жас арапығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100% қамту жоспарлануда. Жалпы біпім беретін мекгептерге Назарбаев зияткерлік мектептеріндегідей оқыту деңгейіне жеткізу өзекгі мәселелердің бірі болып табылады. Себебі. Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу деңгейінің нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең таңдай алатындығын көрсетіп отыр. Білімнің алға дамуға үмтылған қоғамның негізгі күштерінің бірі екендігін өмірдің өзі дәлелдеді.

Елбасы айтқандай, жаңа технологияларды қолданатын, еңбек өнімділігін гүрақгы арттыратын, үздік әлемдік стандаргтар негізінде жұмыс істейтін мамандар даярлау басты назарға алынуға тиіс.

Ғылыми-зерттеу институттарына да талап күшейтіліп, ел болашағына қажет деген салаларды игеру, қолданысқа енгізу мәселелері орынды көтерілген. «Адам капиталы» ұғымы бұрын тек жеке адамның бойындағы рухани қүндылықгармен бағаланып, өлшеніп келсе, бүгін оған елдің жоғары экономикалық көрсеткішінің бір тетігі ретінде қарайды.

Қазір оқу-білім, кемел ақып және экономика - егіз ұғымдар. Капитал ұғымы қаржы, байлық, ақша, құн мағындасында түсіндірілсе, оқу-білім, ақыл, парасат, ғылым экономика саласына жұмсалса адам капиталы болып шығады. Ғылым мен білімді дамытпайынша, біз адам капиталын дамыта алмаймыз.

Құрылғанына бір жылдан астам уақыт болған «Өрлеу» Біліктілікті арттырудың Ұлттық Орталығы» акционерлік қоғамында мұғалімдердің біліктілігін арттыру Әлемдік тәжірибе мен мектептердің бүгінгі таңдағы талаптарына сәйкесжаңа технология - Кембридж бағдарламасы бойынша өтуде.

Берілген тапсырмалардың басым бөлігі бойынша ¥лттық Орталығымыз үлкен жұмыстар жүргізіп жатыр. Атап айтсақ 2013-2014 жыл аралығында мемлекеттік тапсырма Қысқа мерзімді курстар бойынша - 50 600, деңгейлік курстар бойынша -9 889, ақылы негізде- 17 940 оқытушы мен білім беру кызметкерлерінің біліктілігін арттырды. Педагог қызметкерлеріне арналған әдістемелік нұсқаулықтар мен құралдардың қорын жаңарту жоспарланып отыр. Әсіресе Мектепке дейінгі білім беру мұғалімдері мен мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыс істейтін ұстаздарға ерекше көңіл бөлінеді. Барлық біліктілікті арттыру курстары да Елбасы қойған тапсырмаларға сай ыңғайланды.

Жалпы әлемдік даму бәсекелестікке негізделген.

Шынайы жарыс, адал бәсеке - Әлемнің бейбіт дамуының кепілі.

Білімнің сапасы - өмір сапасының негізі. Педагог кадрлардың сапасын арттыру арқылы ғана қазіргі заманғы жаңа деңгейдегі білімге қол жеткізуге болады. Өйткені. білікті ұстаз-кемел білім кепілі.

Ал, білім - ғылымның іргетасы және мемлекет дамуының алтын арқауы екені баршамызға аян.

Елбасы Жолдауында көрсетілген міндеттерді абыроймен орындау біздің ұрпақ алдында тұрған асыл мұрат!