Кімге: Mariyam (гость)

Күні: 18.10.2011

Рахмет. Өздеріңіз жазғанғандай, институтта жақсы ұстаздар көп. Оларға сіздердің атыңыздан алғыс айтамыз. Электрондық оқыту мемлекеттік бағдарламаға енгізілген.Педагогтарға электрондық оқыту (e-learning) бойынша курстар мемлекет есебінен қаржыландыратын болғандықтан курс ақысыз түрде өткізіледі. Курста педагогтарды оқыту нәтижесі жоба жұмыстарын қорғаумен сипатталады. Курс барысындағы жоба жұмыстарын қорғау үшін ақша жинау Қазақстан Республикасының Заңын бұзғандық болып табылады.Бұл мәселе мені қатты қобалжытты. Міндетті түрде тиісті шара қолданамын.

Жауап берді: Ахметова Гульнас Кенжетаевна(автор блога)