Кімге: Майра Канаева (гость)

Күні: 26.01.2016

Құрметті Майра !

Сіздің сұрағыңызға «Өрлеу» БАҰО АҚ төмендегідей түсініктеме береді:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 447 бұйрығымен бекітілген «Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтың» 13,14,16 тармақтарына сәйкес деңгейлік бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстарына мұғалімдерді іріктеу және жіберу мәселелерін шешуге Облыстық білім басқармалары жауапты.

Сонымен қатар, деңгейлік курстар бюджеттік қаражат негізінде оқытылады. 

Жауап берді: Ахметова Гульнас Кенжетаевна(автор блога)